{metadescription}
«Дос-Мұқасан» ансамблі туралы көркем драманың тұсауы кесілді
«Дос-Мұқасан» ансамблі туралы көркем драманың тұсауы кесілді

«Дос-Мұқасан» ансамблі туралы көркем драманың тұсауы кесілді

Тарихы терең «Дос-Мұқасан». Алматыда аты аңызға айналған музыкалық ансамбль туралы алғашқы өмірбаяндық көркем драманың тұсаукесері өтті. Туындыда топтың құрылуынан бастап, ел есінде қалған әндерінің шығу тарихы боямасыз көрсетілген.

Өйткені фильмді түсіруде ансамбль мүшелерінің өзі басы-қасында жүріп кеңесші болған. Актерлердің портрет ұқсастығына да талас жоқ. Әрқайсысы досмұқасандықтарды айнытпай сомдаған. Картина бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіліп жатыр.  

Елу жыл бұрын жарық көрген бұл ән кезінде талай қазақтың жүрегін елжіреткен. «Дос-Мұқасан» тобының махаббат әндерінен бөлек, «Той жыры», «Құдаша» туындылары жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін ежиын-тойларда шырқалып келеді. Биыл топтың 55 жылдығына орай алғашқы толықметражды фильмнің тұсаукесері өтті. Ал кинокартинаның бас кеңесшісі – ансабльдің негізін қалаған Досым Сүлеев.  

Досым Сүлеев, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы:

- Ансамбльдің тарихын, дамуын толығымен айтып бердім. Қандай оқиғалар болғанын. Кейбір жерінде көзімнен жас шығып кетті. Есімде барын бәрін айтып бердім. Материалдар, костюм, пластинкалар, саксофон, бірінші шыққан сұхбатқа дейін бәрін бердім. 

Ансамбл қолданған музыкалық аспаптары мен режиссердің біліктілігінің арқасында туындыда 1960-шы жылдар айнытпай көрсетілген. Тіпті өткен ғасырды көрерменге боямасыз паш ету үшін түсірілім тобы жер-жерді аралап, тарихи ғимараттарды іздеп жүріп тапқан. Фильмнің бюджеті де аз емес – бақандай 425 миллион теңге.

Айдын Сахаман, фильмнің режиссері:

- 55 жыл бұрын болған оқиға. Әрине, архитектура жағынан қиындық  көп болды. Алматы қаласында архитектура сақталған. Біз бүкіл Қазақстанды айналып, сол заманға сай қалған архитектураны қолдандық. Өскемен қаласында, Алматы облысында және Алматы қаласында. Кастинг жарты жылдан көп уақыт алды. Әртістеріміздің 90 пайызы театрлардың белді әртістері.

Режиссердің актерлерді зейін қойып таңдауы бекер емес. Әрбір әртіс рөлін шебер сомдаған. Тіпті ансамбль мүшелерінің болмысын көрсету үшін бірнеше жыл шашын өсіріп, жүріс-тұрысы мен дене бітімін де сол кісілерге ұқсатыпты.

Мақсат Сәбитов, актер:

- «Сені Мұрат Құсайыновтың рөліне бекіттік» деді. Содан бастап шаш өсірілді, қолға домбыра мен гитара алынды. Содан кейін фильм түсіруге жақын уақыт қалғанда театрда басқа рөлдерім болып жатты. 90 келі болдым. Ал мен Мұрат ағаның 19 жасын ойнауым керек. Бір айдың ішінде 14 келі салмақ тастау, сол жағы қиын болды.

Сонау 60-шы жылдарды еске алып, аты аңызға айналған ансамбльдің тарихын тереңірек танығыңыз келсе, бүгіннен бастап барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатқан «Дос-Мұқасан» туындысын өткізіп алмаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде