Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрған отандастарымызға «жасыл дәліз» ашылады
Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрған отандастарымызға «жасыл дәліз» ашылады, оларды кезексіз өткізуге келіссөздер жүргізіліп жатыр. Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деді.
Автор: Елдос Есенбол
29.09.2022
Себебі: солтүстіктегі көршімен шекарада көліктің көптігінен ұзын-сонар кезек. Оның кейбірі бірнеше шақырымға дейін созылған. Соның салдарынан азық-түлік тиеген отандық көліктер де сағаттап шекарада тұруға мәжбүр. Оларға жағдай жасасақ, тезірек қызмет көрсету тез арада шешілуі тиіс дейді Серік Жұманғарин. Сондықтан «жасыл дәліз» бүгін-ертең ашылуы керек.
Серік Жұманғарин, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:
- Кеше өз әріптесім Ресей Федерациясының вице-премьерімен сөйлестім. Өйткені шекараның ар жағында біздің азаматтарымыз да тұр. Көліктің көптігінен оларға бері қарай өту қиындап жатыр. Азық-түлік тасыған азаматтарды тезірек елге алдыру керек. Бұл жайында екі елдің шекара қызметі келіссөз жүргізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!