{metadescription}
Сұйытылған газ бағасын әдейі өсіргендер тергеліп жатыр
Сұйытылған газ бағасын әдейі өсіргендер тергеліп жатыр

Сұйытылған газ бағасын әдейі өсіргендер тергеліп жатыр

Сұйытылған газ бағасын әдейі қымбаттатқандардың әрекеті тергеліп жатыр. Бұл туралы бүгін экономиканы демонополизаицялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» компаниясының мәселесі майшаммен қаралып жатыр дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров. Аталған ұйым мұнай өнімін сатуда ғана емес, оны тасымалдауда және сақтауда асыра сілтеген деген күдік бар.

Мұндай солақай әрекеттердің соңы түптің-түбінде мұнай өнімдері бағасының шарықтауына әкеліп соқтырған. «Қымбатшылықты қолдан ұйымдастырды» деген компания Атырау облысында орналасқан.

Арты қасіретке ұласқан Қаңтар оқиғасының басталуына да сұйытылған газ бағасының кенеттен қымбаттауы себеп болған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде