Бір жылда жанармай құны бірден сегіз пайызға өскен
Елде соңғы бір жылда жанармай құны бірден сегіз пайызға өскен. Әсіресе Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында жанармай қымбаттаған. Мұнай өнімдерінің ішінде, өзгесіне қарағанда дизель құны шарықтап, 35 пайызға дейін өсіпті.
Автор: Елдос Есенбол
30.09.2022
Халық көп тұтынатын бензиннің бағасында да өткен жылмен салыстырғанда 3,5 пайыз айырмашылық бар. Биыл тамызда орта есеппен АИ-92 маркасы – 178, АИ-95, 96 – 210, АИ- 98 – 232 теңгеге дейін жеткен.
Құны қымбаттаса да, халық бензинді өткен жылға қарағанда 8,2 пайызға артық қолданыпты.
Айта кетерлігі, биыл жарты жылдықта үкімет бензин және дизельге дейін ішкі сұранысты толық қамтамасыз еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!