{metadescription}
Қарағанды – Балқаш тасжолын салғандар еңбекақысыз қалған
Қарағанды – Балқаш тасжолын салғандар еңбекақысыз қалған

Қарағанды – Балқаш тасжолын салғандар еңбекақысыз қалған

Қарағанды мен Балқаштың арасына тасжол төсегендер наразылық білдірді. Себебі, құрылыс компаниялары бас мердігерден еңбек  ақымызды ала алмай жүрміз деп отыр. Соның салдарынан тіпті банкротқа ұшырағанын айтып шырылдады.

Евдокия Флорекул, құрылыс компаниясының құрылтайшысы: 

- Қазір жұмыс істей алмай отырмыз. Жағалай қарыз болғандықтан шоттарымыз бұғатталып, жүмысшыларымыз бен алысберіс жасап жүрген басқа компанияларға қаражат аудара алмай қалдық. Сотқа шағымданайық десек, бас мердігерден талап еткен соманың 10 пайызын мемлекетке жарна ретінде төлеуге қаражат таппадық.

«Қарызға белшеден баттық» деп, наразылық білдірген кәсіпкерлер бүгін «ҚазАвтоЖолдың» Қарағандыдағы кеңсесіне келді. Бірақ ондағылар бас мердігер мен оған жүмыс істеген фирмалар арасындағы дауға араласа алмайтынын айтады. Бұған дейін кәсіпкерлер прокуратура, еңбек инспекциясына арызданып, тіпті президентке де арыз жазғанбыз дейді.

Қарағанды мен Балқаш арасындағы автобанның құрылысы үш жыл жүріп жатыр. Осы уақытта құрылыс қарқыны бәсеңдеп, бас мердігер де ауысып үлгерген. Енді тараптардың мәселесін сот шешуге тиіс. Өйткені бас мердігер, ақшасын даулаған компаниялар жұмысын шала-шарпы істеген дейді.

Мұрат Гилажов, Сitic construction co.ltd компаниясының заңгері:

- Жұмыс қалай болсасолай жүріп, толық ауқымда істелмегендіктен, біз оны қабылдамадық. Ол компаниялардың барлығы техникаларды бізден жалға алды. Оның да есебі бар. Сотқа арызданғандар бар. Сот шешімі бойынша олармен есептесіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде