{metadescription}
Түркістан облысында тұтас бір елдімекен қоқыстың ортасында отыр
Түркістан облысында тұтас бір елдімекен қоқыстың ортасында отыр

Түркістан облысында тұтас бір елдімекен қоқыстың ортасында отыр

Түркістан облысында тұтас бір елдімекен қоқыстың ортасында отыр. Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылының іргесіндегі жайылым жерді алты жыл бұрын бәз біреулер қазып топырағын алған. Енді содан пайда болған шұңқырлар қоқыс тастайтын полигонға айналыпты.

Ол жерден ұшқан тұрмыстық қалдық жеп жайылымда жүрген 100-ден астам мал қырылды дейді тұрғындар. Сондықтан халық тазалық талабына сай келмейтін заңсыз полигонды көміп тастауды талап етіп отыр.

Ақбастау ауылының маңынан топырақ алу алты жыл бұрын тоқтатылып, карьердің орны қоқысханаға айналып кеткен. «Алғашында мән бермедік» деген ауылдағылар кейін алыс-жақынның бәрі қалдығын іргеге әкеліп тастай бастады дейді. Жайылым жерде осылайша аяқасты пайда болған қоқыс полиогонынан ұшқан қалдықтарды мал жеп қырылып жатыр деп ашынады тұрғындар.

Нақыпбек Рахметов, Бәйдібек ауданының тұрғыны:

- Целлофандардың бәрі ұшып барады да, оны мал жейді. Қанша сиыр қырылды. Мысалы, падашы отыр, мінеки, падашы кінәлі. Осыған халық «сен неге жөндеп жаймайсың, сен неге пакетті жегізесің» десе, бұл қалай жегізбейді? Малымыз қырылып жатыр, шырақтарым, міне. Ештеңе істелінген жоқ. Қоршаймыз деді, қоршалмады. Тазалаймыз деді, тазаланбады. Міне, тұрысымыз осы.

Қазірдің өзінде полигонда он шақты малдың өлексесі жатыр. Иісі аңқаңды ашытады. Ең сорақысы, мұнда кезінде артезиан құбыры болған екен. Бірақ бірер жыл бұрын құбырды біреулер бұзып әкетіп су сыртқа жайылған. Енді қоқыс араласқан су жерасты суын ластап жатыр дейді жиналғандар.

Сеналы Омаров, Бәйдібек ауданының тұрғыны:

- Су осы дәрежеге дейін жиналып, қазір осы сасыған су артезиан құдықтарына барып, судың дәмі өзгеріп, қоқыспен араласып құдыққа барып жатыр. Осыдан ауру тауып жатыр.

Шенеуніктердің сөзінше, ауылдан екі шақырым жерде арнайы полигон бар. Бірақ тұрғындар қоқысты осы жерге төгетін көрінеді. Сондықтан жақында заңсыз полигонды жабамыз деп уәде берді.

Бағдатбек Жаңғазиев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:

- Екі апта бұрын тазаланған. Екі аптаның ішінде қазір осы жағдайға қайтып жетіп отыр. Енді біз қазір бір, бір жарым аптада тазалап бітеміз. Себебі, сол кезден бері 47 КамАЗ тұрмыстық қалдықты шығарып отыр. Техниканы біз өзіміздің «Жасыл саябақ» мекемесінен береміз. Ал жанаржағар майын бұл кісі, ауыл әкімі, қаржы қойылған.

Шенеуніктерге сенсек, жылдар бойы қоқыс полигоны болған ауыл шетіндегі алып аумақ ай өтпей-ақ жабылмақ. Тұрмыстық қалдықты түгел әкетіп, жерді топырақпен тегістемек. Одан кейін полиция мен халық белсенділерінен тұратын арнайы топ құрып, қоқыс тиелген бірде-бір техниканы жолатпаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде