{metadescription}
Еgov қосымшасында бірнеше жаңа қызмет пайда болады
Еgov қосымшасында бірнеше жаңа қызмет пайда болады

Еgov қосымшасында бірнеше жаңа қызмет пайда болады

Елімізде санды технологияның даму жағынан ілгерілегендігі соншалық, мемлекеттік қызметтің 90 пайызын қазір онлайн алуға болады. Үйден шықпай-ақ, қажет құжаттарды бір тетікті басып рәсімдей бересіз.

Инновация мен әлем аренасындағы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуге Бағдат Мусин бастамашы болған цифрлық даму министрлігінің өнімдері сеп болды. Digital Bridge халықаралық форумында министр Еgov мобильді қосымшасында пайда болатын бірнеше қызметті таныстырды. Мәселен, Push-жазылу, биометрикалық мәлімет енгізу сияқты қызмет түрлері қарастырылуда.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- PUSH хабарландыру Еgov mobie-ге келеді, адам түймені басып, бет-әлпетін көрсету арқылы құжатқа қол қояды. Цифрлық кілтті хатшыңызға, көмекшіңізге берудің керегі жоқ. Әр адам өзімен бірге электронды қолтаңбаны алып жүруі керек. Және ол дәл осы жерде болады.

Министр eGov порталына кіруге арналған электронды цифрлық қолтаңбаны сынға алды. Сондықтан оны QR-мен алмастырмақшы. Ведомство басшысы Kaspi.kz үлгісімен мемлекеттік қызметтерді толық цифрландырып, барлық адамға қолжетімді жасағысы келетінін білдірді. Қазір Kaspi.kz қосымшасындағы мемлекеттік қызмет бөлімін ай сайын 8,5 миллион адам қолданады.

 Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

- Ең бастысы, қызметтердің іске қосылуы және жариялануы емес, адамдардың осы қызметті күнделікті пайдалануы. Біз Қазақстаннан тыс жерлерге барып келген қазақстандықтардан «бұларда неге қазақстандағыдай емес» деген жағымды пікірлерді жиі естиміз. Ал біз үшін, әсіресе Kaspi командасы үшін, бұл ең үлкен марапат, яғни біз осындай инновациялық қызметті Қазақстанда жасай алғанымызды мақтан тұтамыз. Ол Қазақстанда қазақстандық команда мен технологиялар арқылы жасалған.

Kaspi.kz қосымшасын қазір 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Kaspi.kz -тің мемлекеттік қызметтер бөлімінде салық төлеу, жеке кәсіпкерлерді тіркеу, тіпті автокөлікті қайта тіркеу мүмкіндігі бар. Ал жаздан бастап  жүргізуші куәлігін де ауыстыруға болады. Оны қазірдің өзінде 22 мыңнан астам қазақстандық пайдаланған. «Бұл – куәлік ауыстырған азаматтардың 30 пайызы», - деді Kaspi.kz сайтының басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде