Президенттікке алғашқы үміткер – Жигули Дайрабаев
Президенттікке алғашқы үміткер анықталды. Ол – Жигули Дайрабаев. 68 жастағы агроном «Ауыл» партиясы атынан саяси додаға қатысуға ниетті. Осыған дейін Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы болған Дайрабаев аламанға түсіп өзін сынап көрмекші.
Автор: Әзиза Төленби
30.09.2022
Оған «Ауылдықтар» да үлкен үміт артып отыр. Бүгін кезектен тыс XX сьезін өткізген партия, алғашқылардың бірі болып президент сайлауына үміткерлерін таныстырды. Таңдаулары бұрынғы Adal партиясынан келген Жигули Молдахалықұлына түсіпті. Жақтастары болашақ кандидатқа тілектес болып ақ жол тіледі. Десе де сайлау алды бағдарламасы әзір дайын емес екен. Жұмысқа Орталық сайлау комиссиясы тіркегеннен кейін кіріспекші. Бағы жанып президент боп кетсе, ауылдағы ағайынның жағдайын бірінші қолға аламын дейді Жигули Дайрабаев. Оған дейін 118 мың қолды өңірлерден жинап алатынына сенімді.
Жигули Дайрабаев:
- Ауыл партиясының филиалдары облыстық жұмыс істейді және өзіміздің Қазақстан фермерлер қауымдастығының барлығы өңірлерде облыстық филиалдары жұмыс істейді. Бізде бүгінде «Ауыл» партиясының мүшелерін қоспағанда, 52 мыңнан астам фермерлер одағының мүшелері бар. Қазір алдын ала мынадай табысқа жетеміз, мынадай дауыс аламыз дегеннің өзі ретсіздік, мәдениетсіздік. Ең бірінші әділеттілік болу керек. Біз әділ қоғам құруымыз керек. Тәртіп болу керек, қоғамда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!