{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев кибершабуылды алдағы саяси науқанмен байланыстырып, сақ болуға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев кибершабуылды алдағы саяси науқанмен байланыстырып, сақ болуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев кибершабуылды алдағы саяси науқанмен байланыстырып, сақ болуға шақырды

Шетелден ұйымдастырылған кибершабуыл! Қазақстан интернет сегментіне хакерлік қастандықтың үндеуін президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси науқанмен байланыстырды.

Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау жарияланғалы ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін екенін ескертіп, халықты сақ болуға үндеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуыл күшейді. Бұл жайданжай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекет ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз.

Елімізде интернет байланысы бір аптадан бері нашарлады. Әсіресе мемлекеттік органдардың сайттарына шетелден кибершабуыл жиілеген, Мобильді интернет те баяу жұмыс істеп тұрғанын аңғаруға болады. Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары қазіргі сәтте қатерді бейтараптандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Ал хакерлердің қай мемлекеттен Қазнетте былық ұйымдастырып отырғанын дөп басып айту әзірге қиын.

Әлайдар Әмірсейіт,киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы:

- Қазір Ресейден көп азаматтар келіп жатыр. Мүмкін осының кесірінен бізге басқа мемлекеттерден немесе басқа тұлғалардан кибершабуылдар жасалып жатыр. Олардың бастапқы себебі: біздің сервистерден ЖСН алу, Егов-пен жұмыс істеу уақытын ұзарту үшін немесе сервистерді тоқтату үшін кибершабуылдар жасалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде