Президент сайлауы: Үшінші үміткер – Мейрам Қажыкен
Кезектен тыс президент сайлауына қатысқысы келетін үшінші үміткердің аты-жөні белгілі болды. Ол – Мейрам Қажыкен. 61 жастағы азаматты "Аманат" кәсіподақтар достастығы ұсынып отыр. Мейрам Қажыкен экономика ғылымдарының докторы, профессор. Кей жылдары Павлодар облысы экономика департаментінде, премьер-министрдің кеңсесінде қызмет атқарған.
Автор: Әзиза Төленби
03.10.2022
Сонымен Орталық сайлау комиссиясына құжатын көтеріп баратын үш үміткердің аты-жөні белгілі болды. Олардың алғашқысы «Ауыл» партиясының атынан саяси аламанға түскісі келетін Жигули Дайрабаев. Үміткерді партияластары өткен жұмада таныстырған.
Ал екінші кандидат – Нұрлан Әуесбаев. Оны Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынып отыр. 65 жастағы Әуесбаевті жақтастары үш кандидаттың ішінен таңдап алыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!