{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Рақымшылыққа кімдер ілігеді?
Қаңтар оқиғасы: Рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Қаңтар оқиғасы: Рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 500-ден астам адамның бұлтартпау шарасы өзгертілген. Бүгінге дейін атқарған жұмысын қорытындылаған «Аманат» комиссиясы бір ғана Алматының өзінде 80-нен аса адамның ісін қысқартуға себеп болғанын жеткізді.

Ендігі мәселе – рақымшылыққа кімдер ілігеді? Жұмыс тобына кіруге ниетті заңгерлер олқылыққа жол бермеуіміз керек деген пікірде.

Уайс Ерсайынұлы, «Аманат» комиссиясының мүшесі:

- Шартты түрде, егер біз қамалғандардың барлығын қатысушылар және ұйымдастырушылар деп бөлсек, рақымшылық қатысушыларға арнап жасалады. Бұл әлі толық өлшемшарты анықталған жоқ. Себебі, заңның өзі қабылданып, қол қойылған жоқ. Ол заң жасалады. Соған біз атсалысуға дайынбыз. Біз сол заң жобасының жұмыс тобының құрамында бармыз – «Аманат» комиссиясы.

Қаңтар айынан бері жазықсыз қамалғандардың мәселесін майшаммен қарап, олардың бостандыққа шығуына атсалысып келе жатқан комиссия Алматыда кеңсесін де ашқан. Әлі араласатын, құқықтық тұрғыда талап қоятын мәселелер барын алға тартады.

Мәселен, жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыда 148 азамат көз жұмған. Қылмыс құрамы болмағандықтан, оның 84-не қатысты істі қысқарту туралы шешім қабылданыпты. Осы орайда жалғыз асыраушысынан айырылған отбасыға, жазықсыз қамалған адамға қандай өтемақы тағайындалуы тиіс? «Аманат» комиссиясы бұл сұрақтың жауабы нормативтік актіде көрініс табуы тиіс деген пікірде.

Абзал Құспан, «Аманат» комиссиясының төрағасы:

- Компенсация мәселесінде біз осыны жүйеленген түрде шешу керек деп есептейміз. Яғни біз республикалық бірқатар органдарға арнайы заң актісін қабылдауды, нормативтік актіні қабылдау туралы ұсыныс енгізіп жатырмыз. Өйткені Қаңтар оқиғасына қатысушылардың статусы анықталуы керек. Заңды түрде реттеліп шешілмесе, әр қалада, ә облыст түрлі практика қалыптасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде