{metadescription}
Шымкент-Самара тас жолында жантүршігер жол апатынан бес адам көз жұмды
Шымкент-Самара тас жолында жантүршігер жол апатынан бес адам көз жұмды

Шымкент-Самара тас жолында жантүршігер жол апатынан бес адам көз жұмды

Қызылорда облысында жантүршігер жол апатынан бес адам көз жұмды. Төрт жолаушы түрлі дене жарақатымен аурухунаға жеткізілген. 

Қайғылы оқиға өткен түні Қармақшы ауданында болған. Шымкент-Самара тас жолында Тайота көлігі алдындағы көлікті басып озбақ болып қарсы бағытқа шыққан деп болжайды. Автобуспен бетпе-бет соқтығысқан.  Соның салдарынан Тойотадағы үш адам және автобустағы екі жолаушы бірден жан тәсілім еткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жамал-әд-Дин Назарбек, Қызылорда облысы ПД анықтау басқармасының бастығы:

- Жолкөлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмып, 4 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде