{metadescription}
Кәсіпкерді кепілде ұстап, отбасынан 200 мың доллар талап еткен
Кәсіпкерді кепілде ұстап, отбасынан 200 мың доллар талап еткен

Кәсіпкерді кепілде ұстап, отбасынан 200 мың доллар талап еткен

Кәсіпкерді ұрлап ақшаға кенелмек болған. Алматыда 40 жастағы азаматты кепілде ұстап, оны босату үшін оның отбасынан 200 мың доллар талап еткен қылмыстық топ құрықталды. Ұсталған төрт күдікті де бұрын да бопсалау және бұзақылық үшін сотталып шыққан екен.

Қылмыстық топ 40 жастағы кәсіпкерді дәл үйінің маңынан ұрлап кетіп, Түркісіб ауданындағы қоймалардың бірінде бір тәуліктей ұстапты. Сонда ұрып-соғып, босату үшін қомақты қаражат талап еткен. Шартты орындамаса, героин есірткісін саламыз деп қорқытыпты. Күйеуі туралы полицейлерге әйелі хабарлаған. Қазір адам ұрлап ақша таппақ болған төрт жігіт қамауда отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Ұрланған азамат аманесен табылды. Оны қатты соққыға жыққан. Және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босатуға 200 мың доллар талап еткен. Әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан. ҚР ҚК 125-бап 2-бөлігімен тіркелген сотқа дейінгі тергеуде белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде