{metadescription}
Өтірік қарумен ойын клубынан 4 миллион тонап кеткен
Өтірік қарумен ойын клубынан 4 миллион тонап кеткен

Өтірік қарумен ойын клубынан 4 миллион тонап кеткен

Өтірік қаруды шын екен деп қалған. Қарағандының 34 жастағы тұрғыны ойыншық тапаншамен ойын клубының кассирлерін қорқытып, 4 миллион теңгеге жуық қаржыны тонап кетті.

Бейне кадрдан барлығы анық көрінеді. Тұрақты клиент кассирлермен түк болмағандай сөйлесіп тұрып, кенеттен қыздарға қарай атылады. Біреуінің шашынан жұлқылап маңдайына қару кезенеді. Зәресі ұшқан қыздар қарақшыға бір бума ақшаны алдырып қойған.

Қаскөй оқиға орнынан дереу қашып кеткенімен, көп ұзамай қолға түсті. Сөйтсе ол осы клубтың тұрақты келушісі екен. Құмар ойынға қомақты ақшасымен ұтылып қалып, соны қайтару үшін осындай қадамға бардым деп ақталыпты.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Қылмысқа бару үшін ойыншық тапанша сатып алған. Тапанша тәркіленіп алынды. Аталған дерекпен ҚР ҚК қарақшылық шабуыл бабына сәйкес іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде