Қарағанды өрт: Қысқа дайындаған ағашы мен 6 тонна көмірі күлге айналды
Қарағандыда бас алған орман өрті ырық бермей, тұрғын үйлердің аумағына ауыз салды. Әсіресе шарбағы ағаштан тұрғызылған баспана қатты зардап шеккен.
Автор: Асқарбек Қазанғап
03.10.2022
Бес гектар қамыс, құрғақ шөп пен қоқыс жанып кеткен. Қою түтін аумақтың бәрін басты. Отты сөндіруге қатты жел кедергі болып, ақыры жалын жеке секторға шапшып, жеті үйдің ағаш қоршауы өртеніп кетті. Жергілікті тұрғындар отты оқушылар қасақана қойғанына сенімді. Әзірге күдіктілер ұсталмады. Ал жапа шеккен үйдің қожайыны өрт басталғанда жұмысында болған. Тек өрт сөндірілгеннен кейін құжаттарын алуға алып-ұшып жеткен. Қысқа дайындаған ағашы мен 6 тонна көмірі күлге айналған.
Александр Привалов:
- Веранда... кіреберіс, ванна, дәретхана, міне, көмір сақталған қораның күйі осы. Көмірді бір ай бұрын сатып алғанбыз. Меніңше, осы жерде жүрген жас балалар кінәлі. Солар өртеген деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!