{metadescription}
Соңғы екі аптада елімізге 200 мыңнан аса ресейлік келген
Соңғы екі аптада елімізге 200 мыңнан аса ресейлік келген

Соңғы екі аптада елімізге 200 мыңнан аса ресейлік келген

Қазақстан территориясына соңғы екі аптада 200 мыңнан аса ресейлік кірген. Оның жартысынан көбі біздің ел арқылы басқа мемлекетке кетіпті. Яғни осы уақытқа дейін 147 мың ресейлік Қазақстан аумағынан шыққан. Шекарадағы шеті жоқ кезек те саябырсыды дейді ішкі істер министрі. 

Қазақстан арқылы кеткендердің көбінің бағыты – Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркия. Шекарадан өте сала заң бұзғандары да бар. Сондай 7 ресейлік кері депортацияланыпты.

Ал 70 мыңнан аса ресейлік жеке сәйкестендіру нөмірін алып үлгерген. Бұл тек 21-қыркүйектен бері өтініш бергендері. Ағылып келіп жатқан шетелдіктерге қазір жер-жерде Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Көп адам ЖСН банк картасын алу үшін қажет деп ойлайды. Біз үшін, мемлекет үшін бұл келушілердің елде болуын, тіркелуін, жүрістұрысын, барлық іс-әрекетін қадағалау маңызды. Яғни біз оларға нақты бір нөмір беріп, барлық деректерде сәйкестендіреміз. Қайда барғанын, қандай қызмет алғанын, қанша айыппұлы бар екенін көреміз. ЖСН ел азаматтығын айғақтайтын нөмір емес, сәйкестендіруші құрал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде