{metadescription}
Патруль қуған көлік апатқа ұшырап, тұрғындар прокурорға бас салған
Патруль қуған көлік апатқа ұшырап, тұрғындар прокурорға бас салған

Патруль қуған көлік апатқа ұшырап, тұрғындар прокурорға бас салған

Түркістан облысының тұрғындары жол апаты болған жерге жеткен прокурорға бас салған. Жұрттың мұндай әрекетке баруына қадағалаушы орган қызметкерінің сөзі себеп болды дейді.

Яғни Төлеби ауданы Көксәйек ауылында учаскелік полицейлерден қашқан көлік иесі жол апатына ұшырап мерт болған. Осыдан кейін марқұмның туыстары көшеге шығып наразылық білдірген екен.

Төлеби ауданының прокуратурасы жиналғандар қызметкердің ұялы телефонын тартып алмақ болды дейді. Сондықтан билік өкіліне күш көрсеткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілетінін жеткізді.

Көксәйек ауылының тұрғындарымен прокуратура қызметкерінің арасындағы ерегіске жол көлік апаты себеп болыпты Яғни Александр есімді тұрғын бес жасар қызымен келе жатып учаскелік полицейлердің тоқта деген талабына құлақ аспаған. Сондықтан тәртіп сақшыларының оны қызметтік көлікпен қуа жөнелгені видеоға түсіп қалған. Полициядан қашқан 36 жастағы азамат жол апатына ұшырап, сол жерде мерт болды. Ал мұны көрген учаскелік инспекторлар көмек көрсетудің орнына қаша жөнелді дейді оқиға куәгерлері.

Марат Оралбаев, Төлеби ауданының тұрғыны:

- Апат болған кезде төменнен жүгіріп келген кезде учаскелік инспекторлар бұрылып алып қашып бара жатыр екен. Ұстап алдым да, алып келдім. Трансформатордың қасынан тоқтатқыздым да, шығарып алдым. «Е, сендердің кесіріңнен жол апаты болды ғой, неге жәрдем бермейсіңдер», дедім. Олардың бұрылып қашып бара жатқанын көріп қалдым.

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан сол бойы кетіп қалды дейді тұрғындар. Ал тізгіндегі Александр жол апатынан 20 минуттан кейін көз жұмыпты. Осыны көрген халық нарызылық білдіріп көшеге жиналған. Халықтың талап-тілегін тыңдауға прокоратура қызметкерлері жеткен. «Бірақ ол ашулы топты сабырға шақырудың орнына, жиналған жұртқа сес көрсетті», - дейді тұрғындар.

Полицейлер арашалап қалған. Енді  билік өкіліне күш көрсеткен азаматтарға қылмыстық іс қозғалады дейді Төлеби ауданының прокуратурасы. Сондай-ақ қадағалаушы орган өкілдері жұрт шендінің шалбарына емес, телефонын тартып алмақшы болды деп отыр.

Бексұлтан Сапарбек, Төлеби ауданы прокуратурасының прокуроры:

- Ол жерде шалбарын болғанда, ұялы телефонына қатысты ісәрекеттер болған. Ол жерде, негізінен, шалбарын шешуге оқталу дерегі болмаған. Телефонын алмақшы болғанда, бір азамат телефонына қолын созған. Аудан прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Пернебектің ұялы телефонына. Шалбар шешу әрекеті ол жерде болмаған.

Қазір полицейлер прокурорға шабуылдаған бірнеше азаматқа қатысты екі баппен қылмыстық іс қозғаса, дауға арқау болған жол-көлік апатына қатысты бір іс қозғалғанын жеткізді. Ал көлік артынан қуған үш учаскелік полицейдің бірі – еңбек демалысына, екіншісі – денсаулығына байланысты демалысқа, үшіншісі мүлдем жұмыстан шеттетілді дейді ауыл тұрғындары. Бірақ бұл ақпараттың-рас өтірігі әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде