{metadescription}
Алматыдағы ең ірі көтерме базар мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматыдағы ең ірі көтерме базар мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыдағы ең ірі көтерме базар мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыдағы ең ірі көтерме базар мемлекет меншігіне қайтарылды. Қаланың экономикалық соты сауда кешені жекенің қолына кезінде заңсыз өткен деген шешім шығарды.

Тексеріс барысында нарықтағы бағасы 1 жарым миллиард теңге тұратын «Барыс-4» базары бар болғаны 307 миллион теңгеге сатылғаны анықталған.

Абай Жарылқасын, Алматы қаласы сотының баспасөз хатшысы:

- Сот талқылау барысында арызда келтірілген дәлелдер расталды. Уәкілетті органның өкілі нысанды жекешелендіру кезінде мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріп, аз шығынмен жүргізілгенін келісім талаптары болғанын мойындады. Сот талап арызды қанағаттандырып, «НайзаБН» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды.

Қаладағы дүкендер мен шағын супермаркеттердің көбі әлеуметтік маңызы бар тауарларлды ел арасында «оптовка» аталып кеткен осы көтерме базардан алып, үстінен ақша қосып саудалайды. Жарты жыл бұрын мұндағы мыңнан астам сатушы базар ішіндегі монополияға қарсы шыққан. Сауда орнының әкімшілігі белгілі бір азық-түлік тасымалдаушы компаниямен ауыз жаласып, солар жеткізген өнімдерден басқаны сатуға тыйым салған еді. Сатушылар бұл бассыздық азық-түлік құнының шарықтауына себеп деп шулаған еді. Мемлекетке кететін салықты әлдекімдердің қалтасына төлеп келгендерін де айтқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде