{metadescription}
Каспий теңізі арнасынан асып, көліктер су астында қалған
Каспий теңізі арнасынан асып, көліктер су астында қалған

Каспий теңізі арнасынан асып, көліктер су астында қалған

Атырау облысында дүлей дауыл тұрып, Каспий теңізі арнасынан асып кетті. Соның салдарынан Исатай ауданының Жанбай және Манаш ауылында ондаған көлік тасқын су астында қалған. Суға малмандай болған техникалар балықшыларға тиесілі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан көліктердің су ортасында қалғанын анық аңғаруға болады. Бірақ Төтенше жағдай департаменті теңізде қалған бір көліктен ғана шақырту түскенін айтады. Құтқарушылар Нива автокөлігіндегі 55 пен 79 жастағы екі балықшыны қауіпсіз жерге алып шыққан. Ал бейнежазбадағы өзге көліктерге қатысты ешқандай ақпарат жоқ дейді құтқарушылар. 

Жантөре Демешов, Атырау облысы ТЖД бөлім басшысы:

- Теңіз бағытынан соққан желге байланысты теңіз суының жағаға қарай көшуіне сәйкес батып қалу анықталып, аталған азаматарды 22 сағат 42 минутта Исатай ауданы Аққыстау ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Басқалай әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша Атырау облысы төтенше жаағдайдар департаментіне ешқандай хабарлама түскен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде