Интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиеші сотталды – Ақтөбе
Ақтөбеде интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан тағы бір тәрбиешіге үкім шықты. Ол науқас балаларды ұрып соқты деп айыпталып, бас бостандығы төрт жарым жылға шектелді. Бұған дейін осы интернаттың үш санитары да дәл осындай жаза арқалаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.10.2022
Санитар кінәсін сотта бірден мойындады. Науқас бүлдіршіндерге жәбір көрсеткені интернаттағы бейнекамераға түсіп қалған. Жай нұқып қалғаны ештеңе емес, жұдырықтап, төсекте жатқандарының үстіне жаншып отырып алғаны да анық көрінеді.
Сот процесінде санитар мүгедек балаларды бағу қиын екенін айтып кешірім сұрады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бүгінде 42 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығы ДЦП дертіне шалдыққан немесе ақыл-есі кем бөбектер. Көбінің ата-анасы жоқ. Мемлекет қарауындағы бұл балаларға күш көрсетілгені туралы интернатқа көрші орналасқан сәбилер үйінің басшысы арызданыпты.
Әсем Ахмет, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:
- Ақтөбе қаласы №2 сотымен айыпталушы Кубегеновке қатысты қинау айыбы бойынша қылымыстық іс қаралды. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!