{metadescription}
Астанада көпқабатты үй тұрғындары зиян иіске тұншығып отыр – «Чемпион»
Астанада көпқабатты үй тұрғындары зиян иіске тұншығып отыр – «Чемпион»

Астанада көпқабатты үй тұрғындары зиян иіске тұншығып отыр – «Чемпион»

Иіске тұншығып отыр. Үйдің тап іргесіндегі кәріз сорғы станциясы елордалық бір топ тұрғынның өмірін қиындатқан. Жел соқса, жағымсыз иіс үйдің ішін алып кетеді. Санитар мамандар газ толған кәріз сорғысы бір күні жарылуы мүмкін деп те шешім шығарып берген. Қауіп пен иісі қатар алаңдатқан тұрғындар енді оны басқа жерге көшіруді сұрайды.

Есілдің сол жағалауындағы көпқабатты үй «Чемпион» деп аталады. Бірақ мұндағы тұрғындар былтырдан бері бір мәселеде чемпион бола алмай жүр. Бар бәле үйдің дәл  іргесіндегі кәріз сорғы станциясынан басталады.

Ахат Айнабеков, Астана қаласының тұрғыны:

- Осы үйге кіргеннен кейін иіс барын байқадым. Анадан өтсем де, мынадан өтсем де, ұқпай жүрдім. Қарасам, мына бір күрке тұр екен, сол жерден иіс шығады. Терезені ашсақ, иіс деген үйге кіреді. Тіпті үйдің ішіне кіргеннен киімкешек саси бастады.

Иіс сіңген киім-кешекті былай қойғанда, деннің саулығын, бастың амандығын ойлап шыр-пыр боламыз дейді азаматтар. Өйткені санитар мамандар тексеріс жүргізіп, мұнда күкірттің шамадан тыс көптігін, сорғы станциясының хәлі мүшкіл екенін растапты. Тіпті бір күні опырылып құлауы да мүмкін. Әкімдік мәселені шешуге асығар емес. Жауаптыларға хат жолдағанда бір-біріне сілтеп, одан қалды жұмыстың тығыздығын сылтауратады дейді тұрғындар.  

Әділет Есбергенов, Астана тұрғыны:

- Адамдардың денсаулығына да, өміріне де  қауіп төндіріп тұр. Өйткені әкімдік пен «Астана су» арнасының тұжырымдамасы бойынша апатты жағдайда тұр. Кез келген уақытта ол құлап қалуы мүмкін немесе жарылуы да мүмкін. Өйткені ол жерде зиян газдар жиналып жатыр. 

Тұрғындар бас жарылып, көз шықпай тұрғанда кәріз сорғы станциясын адам аяғы баспайтын жерге көшіруді сұрайды. Бірақ әкімдіктегілер жұмысқа енді кіріскен секілді. Бар гәп Тұран көшесіндегі кәріз сорғысының бір мекемеден екіншісінің меншігіне өтуінде. Содан шенеуніктердің өзі де шатасқан сыңайлы.

Әнуарбек Есенәлиев, Астана қаласы отын энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

- Қараша айында жергілікті бюджеттен қаражат сұралады. Қаражат бөлінгеннен кейін жоба дайындалады. Жоба мемлекеттік сараптама өткеннен кейін құрылыс жұмысына тендер ойнатылады. Алла қаласа, келесі жылы құрылыс жұмысы жүргізіледі.

Жауаптылардың сөзіне сенсек, азаматтардың талабы келер жылдың мамыр айында ғана орындалады. Ал оған шейін «Чемпионның» тұрғындары аузы-мұрнын тұмшалап өмір сүруден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.