{metadescription}
Президент Қарағанды-Балқаш тасжолын биыл аяқтауды тапсырды
Президент Қарағанды-Балқаш тасжолын биыл аяқтауды тапсырды

Президент Қарағанды-Балқаш тасжолын биыл аяқтауды тапсырды

Құрылысы сағызша созылған Қарағанды-Балқаш тасжолы баса назарға алынады. Себебі: елдің оңтүстігі мен теріскейін жалғайтын күре жол құрылысы әлі аяқталмаған. Мерзімі бірнеше рет шегерілген жол құрылысын президент келер жылдан қалдырмай аяқтауды тапсырды.

Бүгін орталық өңірге жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының дамуы үшін шешілуге тиіс сегіз мәселені шегеледі. Елдің экономикалық дамуына орасан үлес қосып отырған аймақтың әлеуметтік ахуалын жақсарту – бірінші кезекте. Бұл ретте өңірдегі ірі кен өндіруші кәсіпорындар шет қалмауы қажет.

Қарағанды Балқаш тас жолының құрылысы үш жылдан бері бітетін емес. Ал тапсырыс беруші «Қазавтожол» мекемесі өзіне шаң жуытпайды. Айтуларынша, бюджет қаражаты талан-таражға түспеген, бірақ бас мердігер мен қосалқы компаниялар құрылысты сағызша созып жіберген. Бүгін мемлекет басшысы қырық сылтауды қойып, меселені бір жақты етуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Үкіметке келесі жылы Қарағанды-Балқаш және Балқаш-Бурылбайтал аралығынады жол құрылысын аяқтауды тапсырамын. Сонымен қатар, Қарағанды Жезқазған бағытындағы 500 шақырым жолға күрделі жөндеуді бастау қажет.

Өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуде ірі өндіріспен айналысатын компаниялар сырт қалмауы керек. «Оларға капиталды шетелге заңсыз асыруға жол берілмейді, барлық қимылы бақылауда», - деді президент.

Ал Қарағанды облысын дамытудың басым бағыттары айқын. Ол – өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсету. Өңірдің транзит тасымал әлеуетін көтеру, экологиялық жағдайды жақсарту, өнеркәсіптегі еңбек қауіпсіздігі.

Ауызсу –  өңірде ушығып тұрған мәселенің бірі. Қарағанды облысында 176 ауыл әлі сусыз отыр. Оның 37-cіне ғана биыл су тартылады. Сонымен қатар білім, спорт және медениет инфрақұрылымдарын дамыту, облыс орталығын көркейтуді қолға алу қажет деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Шағын қалалардағы тағы бір меселе – инженерлік инфрақұрылымдар әбден тозған. Бұл меселенің шешімін табу үшін қомақты қаражат керек. Үкімет, моноқалалардың коммуналдық желілерін жөндеуге жұмсалатын қаржы көлемін арттыру қажет. Себебі, азаматтарымыз қай қаланың тұрғыны болса да, таза, жасыл желекке толы, бақуатты гүлденген ортада өмір сүруі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуы үшін сол елді ессіз сүю керектігін айтты. Сыртта болып жатқан жайсыз оқиғалардан сабақ алып, ел дамуында етек жеңді жинау керек. Президенттің айтуынша, еліміздің көк түсті төлқұжаты әлемге танымал. Ол бойынша кез келген елге виза ұсынылады. Бұл біздегі толеранттылық пен бейбітшіліктің жемісі. Өзге ұлтқа деген құрмет пен өз елін сүйген азамат еш ұтылмайды деді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Шын мәнінде туған жеріңді сүюден асқан қасиет жоқ. Туған халқыңа қызмет етуден артық бақыт жоқ. Отансүйгіштік дегеніміз қызыл сөзбен ұрандатып, алаңға шығу емес. Ел мүддесі үшін адал еңбек ету. Осы өңірдің біртуар перзенті Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қомаймын» деген.

Мемлекет басшысы өңірге сапарында бірнеше өндіріс орындарын аралады. Қарағандының келбетін де көрді. Қала күннен-күнге көркейіп, тұрғындары мен баспанасы да көбейіп жатқаны белгілі. Сондықтан президент қосымша жылу электр орталығын салу меселесін шешуді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде