{metadescription}
СІМ: РФ СІМ ресми өкілінің мәлімдемесі жөнінде ...
СІМ: РФ СІМ ресми өкілінің мәлімдемесі жөнінде ...

СІМ: РФ СІМ ресми өкілінің мәлімдемесі жөнінде ...

Ресей елшісі де сыртқы істер министрлігіне шақыртылды. Бұл Ресей сыртқы істер министрлігіне жауап. Өйткені олар күні кеше Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақыртқан болатын. Мәселе Украинаның Қазақстандағы елшісінің мәлімдемесіне қатысты.

Петр Врублевскийдің жергілікті блогерге берген сұқбатын олар "арандатушылық" деп бағалады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ескертуінен кейін Украина елшісі кешірім де сұрады. Сол атышулы елші енді қызметін аяқтап отыр. Украина алдағы уақытта жаңа елші жіберетін болды. "Бұл мәселеде Киевпен толық түсіністік бар", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Айбек Смадияров әріптесі Мария Захарованың кешегі мәлімдемесіне де қатысты жауап берді. Захарованың сөзінің ауаны Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы одақтастығына сәйкес емес деп есептейді. Осы орайда сыртқы істер министрлігі бүгін Ресей елшісін шақырып әңгіме жүргізетінін айтты.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Бүгін сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының елшісі шақырылады. Басты мәселе – Ресей Федерациясы СІМ ресми өкілінің мәлімдемесі жөнінде. Және де Ресей тарапының Украина елшісіне қатысты талаптары талқыланады. Бұл мәселе бойынша Украина жағымен біздің толық келісіміміз бар. Қос тарап уағдаластықтарын орындады. Сондықтан Украина жағымен шешілмеген ешқандай мәселе жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде