{metadescription}
Мәжіліс депутаты: ІТ саласына қаражатты көбейтіп, мамандар дайындау керек
Мәжіліс депутаты: ІТ саласына қаражатты көбейтіп, мамандар дайындау керек

Мәжіліс депутаты: ІТ саласына қаражатты көбейтіп, мамандар дайындау керек

Елдегі киберқауіпсіздік ақсап тұр. Депутаттар бұл салаға көбірек қаражат бөлуді сұрап отыр. Соңғы уақытта интернет сапасына қатысты шағымның көбеюіне де осы себеп дейді.

«Елдегі ғаламтор жүйесіне жасалған кибершабуылдар жекелеген азаматтардың ғана емес, тұтас мемлекеттің атына сын», - дейді депутат Екатерина Смышляева. Қазақстанда ІТ саласын қамту үшін шығынның бір пайызы ғана жұмсалса, әлем елдерінде 10 пайызға жетеді екен. Бұл бағытта еңбек етемін деген мамандар да тапшы. Интернет тілін білетін 10 мыңдай маман жетіспейді.

Бұдан бөлек, 95 пайыз жағдайда азаматтардың өзі жеке ақпаратына жол ашып қояды. Сондықтан ІТ саласына бөлінетін қаражатты 10 пайызға жеткізіп, мамандарды көбірек дайындау керек дейді мәжіліс депутаты. Сондай-ақ халықтың цифрлық біліктілігін күшейтуге басымдық беру қажет.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

- Бізге цифрлық технологиядағы жарқын жетістіктер ұнайды. Бірақ оның артындағы тәуекелді де ойлау керек. Оның қауіпсіздігі назардан тыс қалмағаны жөн. Бізде бүгінде бұл саладағы мамандар тапшы. Мысалы, 32 мың ақпараттандыру нысанын министрліктің бес қызметкері бақылайды. Бұл – бір нысанды бір рет қана тексеруге 400 жыл қажет деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде