{metadescription}
Мәжілісмендер дабыл қақты: Суицидтің алдын алу керек
Мәжілісмендер дабыл қақты: Суицидтің алдын алу керек

Мәжілісмендер дабыл қақты: Суицидтің алдын алу керек

«Суицидтің алдын алу керек». Бүгін мәжілісмендер осылай деп дабыл қақты. Депутаттардың дерегінше, жыл сайын елде шамамен 4 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсап бақилық болып жатыр.

Соңғы онжылдықтың статистикасы бойынша күн сайын суицидтің 16 дерегі тіркелсе, оның он бірі өліммен аяқталады. Ал 2019 жылдан бері өзіне қол жұмсағандардың 65 пайызы – ер-азаматтар.

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайыловты алаңдатып отырған да осы мәселе. «Бұл – ерлердің әйелдерге қарағанда суицидке бейім екенінің анық көрінісі», - дейді ол. Өзіне қол жұмсайтындардың басым бөлігі 45-54 жас аралығындағы азаматтар. Бұл нағыз еңбектің ауыр жүгі артылатын кезең. Десе де зейнеткерлердің арасында да өзіне қол жұмсау дерегі басқасына қарағанда әлдеқайда көбейген. Сондықтан арнайы жоспар әзірлеп, онда дәрігерлердің көмегімен күйзелісті болдырмау жолын қарастыру керек, - дейді мәжілісмен.

Ерлан Смайылов, Мәжіліс депутаты:

- Қиын тұрмыс жағдайы, ауыр науқастар мен жалғыздық суицидтің негізгі себептері ретінде толық зерттелуі керек. Өзіне қол жұмсау деректерін ескеріп, ұлттық жобаларға өзгеріс енгізу де қажет деп ойлаймыз. Осы себеппен өлім-жітімнің көбейгенін назарға ала отырып, суицидтің алдын алуға ұлттық стратегия әзірлеген жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде