{metadescription}
Жібек жолы ауылында наразылық тудырған жол ақыры ашылды
Жібек жолы ауылында наразылық тудырған жол ақыры ашылды

Жібек жолы ауылында наразылық тудырған жол ақыры ашылды

Алматы облысының Жібек жолы ауылындағы жұрттың наразылығынан кейін 50 отбасыға кедергі келтірген жолды ақыры әкімдік ашты.

Бес айдан бері тұрғындарды зар қақсатып, бүгін ғана іске кіріскен шенділер даулы жерді тұрғын үй салуға Қарасай ауданының бұрынғы әкімі берді деп ақталып отыр.

Күні кеше Жібек жолы ауылының халқы жиналып наразалық білдірген еді. Өйткені осыдан бес ай бұрын жергілікті тұрғын жұрттың күнделікті жүріп жүрген жолын ағашпен қоршап тастаған. Соның кесірінен 50 үйге не газ, не су жетпей қалған. Өйткені қоршалған аймақ – жекеменшік. Құбыр сол үйге тақалғанда тоқтап қалыпты әрі ауылдағы оқушылар да мектепке жету үшін бірнеше шақырымға шаң кешіп жетеді. Байдан бері үнсіз болған әкімдіктегілер тек бүгін көпке кедергі келтірген үй иесіне осы ауылдан жер береміз деп, қоршауын алғызып, жолды аштыртып отыр. Оның өзі әзірге уақытша әрі төрт метр ғана екен. Бөркін аспанға лақтырған жұрттың қуанышы ұзаққа созылмауы мүмкін. Өйткені үй иесі әкімдік сөзінде тұрмай, жаңа жер берілмесе, жолды қайта жауып тастауға бекінген. Бұндай жағдайда тұрғындар прокуратурға атқамінерлердің үстінен арыздануға әзір отыр. Жалпы шенділер Қарасай ауданында дәл осындай мәселе көп екенін  мойындады.

Дулат Сансызбаев, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары: 

- 2014 жылы аудан әкімінің шешімімен Дәренбаевтің кезінде жер комиссиясының қорытындысына сәйкес берілген.

- Аудан әкімі жолды ескермеген бе?

- Ол кезде бас жоспар болмаған, кейін шыққан. Бас жоспар бекітіліп, сол кезде жол болып бекітілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.