{metadescription}
РСУ тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр – Семей
РСУ тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр – Семей

РСУ тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр – Семей

Шаһарда шошқа өсірген. Семейдегі РСУ кентінің тұрғындары шошқа өсіретін ферманың жабылуын талап етуде. Өйткені елдімекен ішінде орналасқан шаруашылық тазалық талабын сақтамайды екен. Сасық иіс пен шыбын-шіркейден мезі болған жұрт қожалықты жабуды сұрап наразылыққа шықты.

Алайда кәсіпкер халық талабын ескерудің орнына торайларды көшеге шығарып жайып жіберемін деп сес көрсеткен.  

Қоршаудың арғы бетінде шошқа өріп жүр. Жұрттың айтуынша, көршілері үш жыл бұрын ықшамаудан орталығынан шаруашылық құрған. Енді соның салдарынан тұрғындар терезесін ашып таза ауа мен тыныстаудан қалдық деп зар қағуда.

Дария Қасымованың үйі дәл шошқа шаруашылығының іргесінде тұр. Қолқаны қабатын сасық иіс пен үймелеген көк шыбыннан есік-терезені ашудан қалдық дейді тұрғын. Сонымен қата, торайлардың шыңғырған дауысы түнімен маза бермейді дейді.

Дария Қасымова, РСУ кентінің тұрғыны:

- Есігімізді аша алмаймыз. Шыбын қаптап кетеді. Оның дәрісінің өзі удай қымбат. Балаларымыз ауырып жатыр. Үш немерем бар. Кіші немеремнің көзі іріңдеп, жаман болып тұр. Ауруханаға екі рет апардық. Дәрі берді.

Тұрғындар шошқа өсіретін көршіге талай барыпты. Алайда шошқа шаруашылығының басшысы тілдеспек түгелі, ешкімге есік ашпайтын көрінеді. Тіпті, жиналғандар шенеуніктерден де қайыр болмағанын айтады.

Айгүл Шонаева, РСУ кентінің тұрғыны:

- Иван бізбен сөйлеспейді де. Кіреді де, бірден кетіп қалады. Ол бізді кім санайды, әкімдік сөйлеспей отырғанда? Қара халықтың жағдайын кім ойлайды?

Ал шаруашылық қожайыны шошқаларын сойып бітіре алмай жатқанын айтады. Қазір көбін етке өткізіп, пышаққа ілінбейтін торайларын бағып отырмын дейді. «Тіпті пайдадан көрі, шығынға баттым» деген азамат: «керек десеңдер, шошқаларды көшеге шығарып жіберемін» деп сес көрсетіп отыр.

Ұлардай шулаған жұртты атқамінерлер де сабырға шақырып әлекке түсті. Олар тұрғындардың шағымынан кейін шаруашылыққа тексеріс жүргізгенін айтты. Қожалық иесі 800 бас шошқа асыраған, оның көбін сатып жіберіпті.

Қуаныш Сүлейменов, Абай облысы мәслихатының хатшысы:

- Өзінің қаншама жылғы еңбегі. Сол еңбегі болғандықтан, оны сатып құртамын деді. Бүгінде 24 шошқасы қалды. Шамамен 120. Кішкентайларын семіртіп сат дедім. Енді қайдан пайда көресің? Пайда көрмей жатыр. Ет бағасы түсіп кетті.

Елдімекенде шошқа шаруашылығымен айналысқан азаматтың әрекетіне қатысты әкімдік өкілдері тіс жармады. Оған кімнің рұқсат бергені де белгісіз. Десе де тұрғындардың шағымынан кейін кәсіпкер шаруашылығын жабатын болды. Тіпті ауласын тазартып, жағымсыз иісті жоқ қылуға уәде беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде