{metadescription}
Қазгидромет: Апта соңына қарай күн райы бұзылады
Қазгидромет: Апта соңына қарай күн райы бұзылады

Қазгидромет: Апта соңына қарай күн райы бұзылады

Күздің қара суығы келе жатыр. Қазгидромет апта соңына қарай күн райының бұзылатынын болжап отыр. Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия түбегінен келе жатқан циклон еліміздің батысынан бастап, орталығы мен шығысынан жаймашуақ күндерді ығыстырады.  

Яғни суық ауа ағымы аптаның соңына қарай еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қатты сезіледі. Онда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Солтүстікте түнде жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Күндіз батыс облыстарда бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде фронт бөліктердің өтуімен күн күркіреп, таулы аймақтарда қар аралас жауын күтілуде. Түнде тұман түседі.

Ертең түнде Жамбыл облысының таулы аймақтары мен Түркістан облысының солтүстігінде үсік жүреді. Яғни сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде