{metadescription}
Ораза айының басталатын күні белгілі болды
Ораза айының басталатын күні белгілі болды

Ораза айының басталатын күні белгілі болды

Келер жылғы қасиетті Ораза айының басталар күні белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы 23 -наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады деп бекітті.

Осылайша бес парыздың бірі – Ораза келер жылы наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр. Яғни 30 күнге созылатын Рамазан айынан соң, Ораза айт 21-сәуірде болмақ.

Ал мың айдан да қайырлы Қадір түнін жамағат сәуір айының 17-нен 18-не қараған түні күтеді. Бұған қоса Құрбан айт 28 маусымға бекітілді.

Хижра айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалды дейді мүфтият. Сондай-ақ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың толуына байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде