{metadescription}
Елжан Біртанов алты жылға сотталуы мүмкін
Елжан Біртанов алты жылға сотталуы мүмкін

Елжан Біртанов алты жылға сотталуы мүмкін

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі алдағы алты жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін. Бүгін мемлекеттік айыптаушы Елжан Біртановты алты жылға, оның орынбасары болған Олжас Әбішовті бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ экс-министр мен оның орынбасары бірқатар мемлекеттік және квазимемлекет мекемелерде қызмет ету құқығынан айырылсын дейді прокурор.

Елжан Біртановтан «Құрмет» орденін қайтарып алу туралы да сұралған. Мұнымен қоса айыптаушы тарап Біртанов пен Әбішовтен 1 жарым миллиард шығынды өндіруді талап етіп отыр. Бұл соманы прокурорлардың пікірінше, айыпталушылар теңдей бөліп төлеуге тиіс.

Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылдан бері істі болып үй қамақта отыр. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Дәлірек айтқанда, өзі басқарған денсаулық сақтау министрлігіне жарамсыз ақпараттық платформаны қабылдады деген күдік бар. Бұдан бөлек, Біртановқа санавиция ұшағын жеке мақсатында пайланданды деп те айып тағылған. Ол үшін экс-министр тағы 2 жарым миллион теңге мемлекетке қайтаруы керек. Үкім апта соңына дейін шығып қалуы мүмкін. Ал сот жарыссөзі алдағы бейсенбіге белгіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде