Елшілік Украинадағы отандастарды түгендеуге кірісті
Украинада нақты қанша Қазақстан азаматы жүргені белгісіз. Қазір елшілік қызметкерлері Украинадағы отандастарды түгендеуге тырысып жатыр. Бірақ соңғы оқиғаларға байланысты түгел жерлестермен байланысу қиындық туғызуда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
11.10.2022
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Өздеріңіз білесіздер, бірінші эвакуациядан кейін біраз адам Украинаға қайтып кетіп қалған болатын. Сол ақпаратты қазір тексеріп жатырмыз. Нақты санын айта алмаймыз. Шамалап болса да айта алмаймыз. Өйткені мынандай жағдайда ақпарат жинау қиын.
Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшілігі отандастарды сол елге барудан бас тартуға шақырған. Әрі ол жақта жүрген қазақстандықтарды, мүмкін болса ел аумағынан тезірек шығып кетуге үндеген болатын. Өйткені ол елде күннен-күнге жағдай ушығып барады. Күні кеше ғана Ресей әскерінің Киевтен бастап, Украинаның бірнеше қаласын зымыранмен атқылуы жағдайды күрделендіріп жіберді. Елшілік әлі жұмысын тоқтатқан жоқ. Дегенмен жақын күндері қаупсіздік үшін қызметкерлер толық эвакуациялануы мүмкін. Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!