{metadescription}
Түркістан облысында үш ай ізделген екі студенттің бірінің денесі табылды
Түркістан облысында үш ай ізделген екі студенттің бірінің денесі табылды

Түркістан облысында үш ай ізделген екі студенттің бірінің денесі табылды

Түркістан облысында үш айдан бері іздестіріліп жатқан екі студенттің бірінің денесі табылды. Үндістаннан келген студенттер маусым айының соңында тауға серуенге барып, екеуі өзенге ағып кеткен болатын.

Ақсу шатқалындағы өзенге батып кеткен 21 жастағы қос студентті іздестіру бір күн де тоқтатылмаған. Үш ай бойы 12 құтқарушы күнсайын тау-тасты кезіпті. Кезекті рет өзен бойын шолып жүргенде студенттің денесін тапқан. Құтқарушылар мәйіттің үндістандық екенін білсе де, жоғалған екеудің нақты қайсысы екенін айта алмай отыр. Сондықтан аты-жөнін анықтау үшін сараптамаға жіберді. Ал екінші студенттің денесі әлі іздестіріліп жатыр.

Дәурен Таубаев, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің басшысы:

- Ханарық елдімекенінің солтүстік беткейінде Ақсу шатқалының суға шомылған жерден бір жарым шақырым жерде бір мәйіт табылды. Мәйіттің атыжөнін анықтау мақсатында полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде