Арзан ұн біткен соң, бағасын да өсірген
Арзан ұн біткен соң, бағасын да өсірген. Ауыл шаруашылығы министрі нанның қымбаттауын осылай деп түсіндірді.
Автор: Елдос Есенбол
11.10.2022
Жыл басынан қыркүйекке дейін министрлік пен Азық-түлік корпарациясы шаруаларға арзан ұн жеткізіп келіпті. Ал қазан айының басынан бастап диірмендер ұнды осы күздің дәнінен тарта бастаған. «Нан бағасының кенет қымбаттауының бір себебі осы», - дейді Ербол Қарашөкеев. Екіншіден, коммуналдық төлемнің, электр энергиясының бағасы да ас атасының құнына әсер еткен. «Бірақ баға шарықтап кетпейді» деп сендіріп отыр министр. Өйткені биыл өткен жылмен салыстырғанда түсім мол. Сақтандыру қорына да миллион тонна дәнді дақыл құйылыпты. Оның 900 мың тоннасы – бидай.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Дәндідақыл жинау аяқталуға жақын. Облыс әкімдерінің жедел деректеріне сәйкес 15,9 миллион гектар астық жиналды. Гектарына 13,5 центнер орташа өнімділікпен бастапқы салмақта 21,6 тонна астық бастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!