Болжам: Таяуда Каспий құбыр желісі консорциумы толық іске қосылады
Каспий құбыр желісі консорциумы айдың аяғына дейін толық іске қосылуға тиіс. Энергетика министрінің болжамы осындай.
Автор: Елдос Есенбол
11.10.2022
Құбыр наурызда тоқтаған болатын. Ресейдің Новороссийск порты арқылы өтетін екі бірдей бөлігі дауылдан істен шыққан еді. Сол кезде жөндеу жұмысы шамамен бір жарым немесе екі айға созылуы мүмкін деген болжам айтылған. «Апаттан Қазақстан бюджетіне келген шығын шамалы», - дейді Болат Ақшолақов. Біріншіден, мұнай бағасының қымбаттауы бізге қол болған. Екіншіден, Қашағандағы өндірістің бәсеңдеуі де құбырдағы жөндеумен тұспа-тұс келіпті. «Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қашағандағы қондырғаларды жөндеп алдық», - дейді энергетика министрі.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Каспий құбыр желісі консорциуымында жеке орын алған айлақ құрылғысының біреуіне ғана жұмыс істейді. Қашағандағы жөндеу жұмысына Каспий құбыр желісі консорциуымының жеке орын алған бір айлақ құрылғысының жұмысы қазіргі көлемге жеткілікті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!