{metadescription}
Бала-шағасына пышақ ала жүгірген мектеп директоры тергеліп жатыр
Бала-шағасына пышақ ала жүгірген мектеп директоры тергеліп жатыр

Бала-шағасына пышақ ала жүгірген мектеп директоры тергеліп жатыр

Ақтөбе облысында бала-шағасына пышақ ала жүгірген мектеп директоры "адам өлтіруге оқталды" деген баппен тергеліп жатыр.

Темір Бекетов, Ақтөбе облысы прокуратура басқармасы басшысының орынбасары:

- Жаңақоныс кентінің 37 жастағы мектеп директоры отбасындағы дауда педагог жұбайы мен жас өгей қызына пышақ қолдану арқылы бірнеше жерінен жарақаттаған. Дене жарақттары жеңіл. Жиналған дәлелдеме жиынтығымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, ҚР ҚК 128-бабының талабына сәйкес ұсталды.

Жаңақоныс орта мектебі басшысының мұндай қылмысқа барғанына ауылдастары таң қалып отыр. Әріптестері де бұрын-соңды ерсі қылығын көрмедік дейді. 37 жастағы директор сол күні Ұстаздар күні мерекесін тойлаған екен. Мас болып, әйелімен сөзге келген. Жүкті келіншегіне пышақ ала жүгіріп, денесінің бірнеше жерін тілгілепті. Сегіз жасар өгей қызының да құлақ тұсын пышақпен осып өткен. Қазір ол қамауда отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.