{metadescription}
ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевқа кандидат куәлігін табыстады
ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевқа кандидат куәлігін табыстады

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевқа кандидат куәлігін табыстады

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына түсуге барлық талапқа сай деп танып, бүгін кандидат куәлігін табыстады. Бірақ жұмыс кестесі тығыз мемлекет басшысы өз қолымен құжатын алып кетуге бара алған жоқ. Орнына қазіргі президенттің сенім бірдірген өкілдері келді.

Ал, "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі ұсынған Нұржан Әлтаевтың кандидатурасы әзірге тоқтап тұр. Оның тағдырын енді сот шешпек. Орталық сайлау комиссиясындағы соңғы жаңалықты елордадан Елдос Есенбол баяндайды.

Елорданың бүгінгі кептелісі күндегіден өзгеше. Себебі, бас қалаға мәртебелі меймандар келді. Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осында. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі тығыз. Осы себептен де алдағы саяси додаға кандидаттығын бекітпекке орталық сайлау комиссиясына баруға уақыты жоқ.

Қазіргі президенттің аманатын арқалап бірқатар лауазымды тұлғалар келді. Мәжілістің спикері «Аманат» төрағасы Ерлан Қошанов, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бар. Осылайша орталық сайлау комиссиясының отырысы ерекше басталды. Комиссия мүшелері халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық құжаты сақадай-сай деп мәлімдеп хаттамаға қол қойды. Қазіргі президент ретінде ол кейбір талаптардан босатылған.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы заңның 54 бабына сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы анықтау рәсімі өкілеттіліктерін қайта ұсынған жұмыс істеп жүрген жүрген республика президентіне қолданылмайды.

Содан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кандидат куәлігін президенттің сенім білдерген өкілі Ерлан Қошановқа табыстады.

Қалған кандидаттар сынақтаң бәрінен өтуі керек. Мысалы Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеп үш кезеңнен сүрінбей өтті. Комиссия оны барлық талапқа сай деп ұйғарым шығарды. Ал, «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Нұржан Әлтаевқа бүгінше кандидат ретінде тіркеле алған жоқ.

Шавкат Өтемісов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- 2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республиасының ОСК Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотының «Мұқалмас» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналасының Қазақстан  Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы 2022 жылғы 6 қазандағы 19 хаттамасының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті. Бұған себеп Әлтаевты ұсынған «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігінің өкілдері кандидат хаттамасына қарсы шығыпты. Енді оның сайлауға түсу, түспеуі сот шешімінен кейін белгілі болады.

Әзірге қолына кандидат куәлігін алып саяси бәсекеге түсуге толықтай дайын бір үміткер бар. Ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының сенім білдірген өкілі Ерлан Қошановтың айтуынша, Тоқаевтың атына 400 мыңдай қол жинапты. Орталық сайлау комиссиясы оның 141 мыңын тексеріп 99 пайызын жарамды деп таныған. Бұл сандар жеткілікті болғаннан кейін ары қарай тексеруді қажетсіз деп санадық дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде