{metadescription}
Мәжіліс «Рақымшылық жасау туралы» заңды талқылады – Қаралы қаңтар
Мәжіліс «Рақымшылық жасау туралы» заңды талқылады – Қаралы қаңтар

Мәжіліс «Рақымшылық жасау туралы» заңды талқылады – Қаралы қаңтар

Мәжіліс бүгін қаңтарда істі болғандарға қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заңды талқылады. Дәл осы құжатта жаза басып жазықты болғандардың қайсысы бостандыққа шығатыны немесе жазасы жеңілдейтіні анық көрсетіледі. Ал президент қол қойған соң, заң күшіне енеді.

Әзірге мәжілісмендер алдағы бір-екі апта заң жобасын жан-жақты талқылаймыз деп отыр.

1 қыркүйектегі халыққа жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын ұсынған. Президент өз сөзінде кінәлі азаматтардың біразы өз қатесін түсініп, өтке іске өкінеді деген еді. Депуттатар рақымшылыққа нақты қай топтағы азаматтар ілігетінін әзірге тап басып айта алмады. Белгілісі, рақымшылықтың сол қаралы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар мен аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысы жоқ. 

Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты:

- Менің білетінім, аса ауыр және ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасамайды. Тек қана олардың жазасынан мерзімді сәл қысқартады. Заң бізге енді кірді, оны қарайтын боламыз, осы апта, келесі аптада шығарамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.