{metadescription}
Қазақстан мен Қатар арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды
Қазақстан мен Қатар арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды

Қазақстан мен Қатар арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды

Қазақ-Қатар саяси-экономикалық қатынасы нығаяды. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани мен президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесіп, екі ел арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Сауда-саттық, денсаулық сақтау, білім мен туризмге қатысты жаңа келісімдер екі ел арасындағы байланысқа тың серпін береді деді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

- Бүгін бірқатар аса маңызды мәселелерді жанжақты талқыладық. Пікір алмасуымыз мазмұнды, мағыналы болды. Қатар – Араб әлемі мен Парсы шығанағындағы маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Бұл елдің бізге әрдайым қолдау көрсетіп жүргенін атап өткім келеді. Келесі жылы Қатар мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толады. Осы кезең ішінде ынтымақтастығымыз нығайып, достығымыз арта түсті.

Президент Парсы шығанағындағы мұнайға бай елдің бизнесмендерін Қазақстанға инвестиция құюға шақырды. Ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, қаржы салаларында мол мүмкіндіктер бар. Елімізде Қатардың бірнеше компаниясы ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Қос мемлекеттің басшысы алыс-берісті арттыруға келісті. Қазақстан Қатарға азық-түлік экпортын ұлғайтпақ. Екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару үшін аянып қалмаймыз деді Қатар әмірі. Кездесу соңында әл-Таниді мемлекет басшысы Қазақстанның ең жоғарғы наградасы – "Алтын қыран" орденімен марапаттады.

Тамим бен Хамад Әл Тани, Қатар әмірі:

- Жоғары мәртебелі президент мырза, еліңізге мемлекеттік сапармен шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Екі ел арасында жақсы қарымқатынас орнаған. Кейінгі жылдары  әр түрлі саладағы байланыстарымыз қарқынды дамып келеді. Өзара келісімдердің мақсаты – бірнеше салада ынтымақтастықты дамыту. Сондайақ ертең өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінің сәтті өтуіне тілектестік білдіремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.