{metadescription}
Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстандағы сапары бірнеше күнге жалғасады
Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстандағы сапары бірнеше күнге жалғасады

Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстандағы сапары бірнеше күнге жалғасады

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан Түркия президентін күтіп алды. Режеп Тайып Ердоғанның мемлекеттік сапары бірнеше күнге жалғасады. 

Бауырлас екі ел президенттерінің ресми кездесуі Ақордада жалғасты. Қазақстан мен Түркия Транскаспий тасымалы арқылы екі жақты сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізуге мүдделі. Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға кеме жасайтын зауыт салуға көмектесуге дайынбыз деп отыр. Себебі, елімізге Каспий теңізіндегі көлік флотын нығайту қажет. Әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрған шақта түбі бір – түркі мемлекеттері ынтымақтастығын одан әрі нығайту керек дейді Түркия президенті.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Сіздің көшбасшылығыңызбен жүргізілген реформалар қазақ халқының тыныштығын сақтап, әлауқатын жақсартатынына сенімім мол. 20 қараша күні болатын Президент сайлауы әділ әрі жаңа Қазақстан үшін қайырлы болуын және сізге сол сайлауда сәттілік тілеймін. Стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел – Қазақстанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, территориялық тұтастығына және экономикалық әлауқатының жақсаруына айрықша мән береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазаұстан Республикасының президенті:

- Сіздің бүгінгі мемлекеттік сапарыңыз екі елдің ынтымақтастығына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Біз Түркиямен тең дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мен береміз. Бұл менің ерекше назарымда. Кездесуіміздің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, уағдаластыққа қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде