{metadescription}
Петропавлда қытайлық автобустар жыл толмай істен шығып жатыр
Петропавлда қытайлық автобустар жыл толмай істен шығып жатыр

Петропавлда қытайлық автобустар жыл толмай істен шығып жатыр

Петропавлда автобустар жыл толмай істен шығып жатыр. Ал қытайлық қоғамдык көліктердің бөлшектерін табу мұң дейді тасымалдаушылар. Олардың сөзінше, бұзыла беретін техниканы әкімдік лизингке алуға міндеттеген. Енді соның зардабын көріп жатырмыз дейді.

Болат Рахымов, автобус паркінің басшысы:

- Бұл автобустарға біз жеті жыл бойы лизинг төлем жасауымыз керек. Бірақ бізді осы қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы алаңдадаты. Бір жыл толмай істен шығып жатыр. Әрине, әзірге тежегіш сынды ұсақтүйектер бұзылуда. Ал жеті жылда автобустың түгі қалмай шашылып қалатын шығар.

Аймақтағы ірі үш тасымалдаушы фирма былтыр 40 млн. теңгеден 100 автобусты лизингке алған. Оның ақшасы 7 жылда өтелуге тиіс. Бірақ кәсіпкерлер қоғамдық көліктердің сол уақытқа дейін шыдас беретініне күмәнмен қарайды. Өйткені қазірдің өзінде шетінен қирап жатыр дейді. Ал бөлшектері қымбат және тапшы. Ертелі-кеш тоқтаусыз жүретін техникалардың 50 мың шақырымға кепіл мерзімі өтіп кетіпті. Бірақ кәсіп тоқтап қалмас үшін амалсыздан автобусқа керек-жарақты қымбатқа сатып алуға мәжбүр.

 «Әбден шығынға ұшырадық» деген кәсіпкерлер әкімдік субсидия берсін деген талап қойды. Тек сонда ғана шаруамыз тіктелуі мүмкін деді. Ал билік өкілдері наразы топтың уәжі орынсыз деген пайымда. Әрі олардың автобусты шенділер алуға міндеттеді дегені де жалған деп салды. 

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Біріншіден, қазір сұрап жатыр ғой, жөндеу керек деп. Автобус парктерінің жөндеуіне субсидия қарастырылмаған. Біз тек жолаушыларға субсидия бөле аламыз. Қанша кісі, соның артығын төлейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде