Іскер әйелдер «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» арнайы мектебін ашады
Саясаттағы нәзік жандылардың санын арттыру қажет. Осы мақсатта еліміздің іскер әйелдері «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» деп аталатын арнайы мектеп ашқалы жатыр. Қауымдастық бүгін осыған орай республика көлемінде іс-шара өткізді.
Автор: Салтанат Шырынхан
12.10.2022
Раушан Сәрсенбаева, «Қазақстанның әйелдер күштері» альянсының төрайымы:
- Жобаның мақсаты – альянс құрамындағы әйелдердің біліктілігін одан ары арттырып, сайлау алдындағы кезеңде сайлауға қатысатын әйелдерге кәсіби дайындық жүргізу. Бұған қоса саясаткер әйелдер клубтарының жұмысын жандандырамыз. Ал ашылғалы жатқан "Саяси көшбасшылық мектебі" жалпы әйел адамдардың өмір сүру сапасы мен әлауқатының жақсаруына ықпал етуді көздейді.
Бүгінде үлкен саясатта жүрген әйелдер көп емес. Мәселен, Сенаттағы 49 депутаттың 10-ы – әйел. Ал мәжілістегі 107 халық қалаулысының ішіндегі нәзік жандылардың саны – 27. Үкіметтегі 16 министрліктің тек екеуін ғана әйел басқарып отыр. Іскер әйелдер осы статистиканы біраз жақсартуды мақсат етеді. Қызметтегі әйелдер санын кемі 30 пайызға жеткізу қажет дейді «Қазақстанның әйелдер күштері» альянсындағылар.
Зәуреш Аманжолова, саясаткер әйелдер клубының төрайымы:
- Осы барлығымыздың басымыз бір қосылсақ, атқарылатын іс ортақ іс. Әйелдердің статусын одан әрі жоғары көтеріп, олардың осындай қызметке баруына жол көрсетіп, білімін жетілдіреміз. Оның ішінде рухани байлығымыз, ана қасиеті, отбасы. Отан отбасынан басталады. Отбасындағы проблемаларды шешу. Соның барлығына көмек көрсету.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!