{metadescription}
Кинотеатрдан отандық «Голиаф» вестернін көруге асығыңыз
Кинотеатрдан отандық «Голиаф» вестернін көруге асығыңыз

Кинотеатрдан отандық «Голиаф» вестернін көруге асығыңыз

Мақсатымыз - жеңіл әзіл емес. 7 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында «Голиаф» фильмі көрсетіліп жатыр. Картина режиссері отандық көрермен вестерн жанрында түсірілген туындыны да қабылдап үйренуі керек дейді.

Өйткені олар соңғы жылдары комедиядан көз ашпай келеді екен. Сол себепті бір сәт америкалық стильде таспаланған жақсы мен жаманның арасындағы қақтығыс сынды дүниелерді көруге кеңес береді. Бір жыл бұрын түсірілген драма бірнеше фестивальге қатысып, жүлделер алып үлгеріпті.

"Голиаф" фильмі прокатқа өткен аптада шықты. Түсірілім тобы 0 мақсатымыз тек көрерменнің қалтасын қағу емес, көзайымына айналу деуден танбайды. Осы орайда кино саласын таңдаған студенттермен де кездесіп, жастарды вестерн жанрымен таныстыруға тырысты. 

Данияр Алшанов, актер:

- Бүгін біз арнайы студенттерге жабық көрсетілім өткіздік. Барлығы кино саласын таңдағандар. Яғни олар картинаның әр деталі мен түсірілім кезіндегі қиындықтарын білу қажет. Дәл осы фильмнің жұмысымен таныстыруға да бекер келген жоқпыз. Өйткені бұл туынды бұған дейінгі махаббат, болмаса комедия жанрынан мүлдем өзгеше. Әрі күрделірек.

Фильм бір жыл бұрын түсірілген. Осы аралықта Венеция халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болыпты. Жалпы туынды атыс-шабыс пен эншнға толы. Қаратас ауылының баскесері тұрғындардың тынышын бұзады. Қарсы келгеннің түбіне жететін ол, Арзу есімді азаматтың әйелін де өлтіреді. Сөйтіп сценарий желісімен жағымды мен жағымсыз кейіпкер біраз айқасады. Продюсер түсірілім кезінде көптеген қиындық туғанын да жасырмайды.

Серік Әбішев, продюсер:

- Мысал үшін Ұзынағаш жаққа қарай жүретін теміржол желілерінде электр бағаналары бар. Ал ол электр бағаналары киноға түсіргенге ыңғайсыз. Ал Қапшағай жаққа жүретін бағытта бағаналар жоқ. Демек біздің киноның жанры вестерн, классикалық вестерн. Ол кезде электр бағаналары болмаған ғой. Сол сияқты, соған ұқсас көріністерге бола сол жақты таңдадық.

Басты рөлдерді Берік Айтжанов пен Данияр Алшынов сомдайды. Олар да аталған фестивальде «ең үздік актер» жүлдесіне ие болған. Картина қазір еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде