Каспийге қызғылт су ағызғандар айыппұл арқалайды
Каспийге қызғылт су ағызғандар айыппұл арқалайды. Маңғыстау облыстық экология департаменті көк айдынды өндірістік қалдықпен ластағандарды осылай жазаламақ.
Автор: Айман Нұрмағанбет
12.10.2022
Видеода теңізде қызыл түсті су ағып жатқаны анық байқалады. Ал ағып жатқан канал теңіз суын тұщытатын «МАЭК-ҚазАтомӨнеркәсіп» комбинатына тиесілі. Бірақ бұл жерден аталған компания мен тағы екі мекеме су жіберетін көрінеді. Экологтар тот басқан судың құрамынан мыс, фосфат пен темірдің шамадан тыс екенін анықтаған. Тек лас суды нақты кім жібергенін енді анықтап жатыр.
Гүлім Ұлықпанова, Маңғыстау облысы экология департаментінің бөлім басшысы:
- Аталған каналға «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС және «Орбита» спорт кешені, сонымен қатар «Каспий» су тұшыту зауыты төгінді төгу жұмысын жүргізеді. Алынған сынамалардың нәтижесінде яғни мыстың, фосфаттың және темірдің шамадан тыс артқаны тіркелді. Қазір мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданып, ұсыныс күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!