{metadescription}
Ақтөбеде көпқабатты үйде жылу құбыры жарылған
Ақтөбеде көпқабатты үйде жылу құбыры жарылған

Ақтөбеде көпқабатты үйде жылу құбыры жарылған

Ақтөбенің қақ ортасындағы көпқабатты үй тұрғындары қыста жылусыз қаламыз ба деп қорқады. Себебі: үйдегі құбыр жүйесінің қондырғылары шіріген. Күні кеше қалаға жаппай жылу бергенде бұл үйдің жертөлесіндегі құбыр жарылған.

Рысжан Винтер, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Біз бәріне шыдадық. Мынау сұмдық! Қаланың қақ ортасында әпәдемі үйлердің ортасында осындайға түсеміз. Жылу жоқ. Ана ашатын элеватор жұмыс істемей тұр. Шұрасын ашса апат болады.  

Тұрғындар жаз бойы жылу құбырын жөндеуге екі рет ақша жинаған. Бірақ пәтер иелері кооперативі қысқа дайындықты пысықтамай, ақыры күн суытқанда бүрсеңдетіп қойды деп налиды. Жертөледегі жылу жүйесіне қажет бөлшектерді мүлдем жаңартпаған. Төменгі қабат тұратындары былтыр да қыс бойы тоңып шыққан. Ескі құбырдан жылу айналмай берекесі қашқан.  Енді биыл мүлдем жылусыз қаламыз ба деп қорқады. Ал пәтер иелері кооперативіндегілер бұл үйдің өз алдына басқару компаниясына кеткенін қалайды. Қызметке төлейтін ақшасы мардымсыз, бірақ талабы бітпейді деп қарсы уәж айтты. Дегенмен жылуды реттеп береміз деп уәде берді. 

Шолпан Омарғалиева, «Бастама» ПИК бас инженері:

- Алпысыншы үйдің үшінші корпусына әлі жылуға қосу туралы актісін алған жоқпыз. Сондықтан жылу жөнді берілмей жатыр. Құбыр желісіндегі олқылықтарды реттеп, бөлшектерді ауыстырған соң ғана жылу толық беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде