{metadescription}
Бүтін бір ауыл жұрты өзеннен өте алмай отыр – Павлодар облысы
Бүтін бір ауыл жұрты өзеннен өте алмай отыр – Павлодар облысы

Бүтін бір ауыл жұрты өзеннен өте алмай отыр – Павлодар облысы

Павлодар облысында бүтін бір ауыл жұртына өзенді кесіп өту мұң болып тұр. Өйткені қолданыста жүргеніне 30 жыл болған паром әбден ескіріпті. Қирағалы тұрған техникаға мінудің өзі қауіпті дейді тұрғындар. Сондықтан жергілікті биліктен понтон көпір салып беруді сұрайды.

Ал қатынас құралының болмауынан жұрт шабындықтан айырылдық деп жыларман күйде. Себебі, арнаның арғы бетінде болған өртке құтқарушылар дер уағында жете алмай, алқап түгел жанып кеткен.

Баскөл ауылының тұрғындары биыл қыстан төрт түлікті қалай аман алып шығамыз деп бас қатырып жүр. Олар арнаның арғы бетіне мал азығын әзірлеп қойған. Соның бәрі жанып кетіпті. Ал өрт сөндіруге мүмкіндік болмаған. Өйткені өрт сөндіру машинасын тозығы жеткен су көлігі арғы бетке жеткізе алмаған.

Алтай Балкенов, Баскөл ауылының тұрғыны:

- Түтін шығып жатқанын көріп, бәріміз солай қарай жүгірдік. Паромға небәрі екіақ көлік сияды, одан артық көтермейді. Сондықтан санулы ғана адам барып, тілсіз жаумен алыстық. Ауданнан өрт сөндіру машиналары келді, бірақ паром ауыр техникаларды көтере алмады.

Шабындық жер мен Баскөл ауылын Белая арнасы бөліп тұр. Паром мұндағы жалғыз қатынас құралы. Оған мінудің өзі қауіпті дейді тұрғындар. Тракторлар суға құлап, адамдардың да тұншығып өлген кездері болыпты. Тоғыз жыл бұрын паромның өзі де суға батқан.

Саят Сапаров, Баскөл ауылының тұрғыны:

- 30 жылдан бері бұл мәселе шешімін таппай келеді. Біз биліктен жиналмалы понто көпір орнатып беруді сұрап келеміз. Бірақ ешкім құлақ аспайды. Осы мәселе реттелсе ауыл көркейетін еді.

Арнаның арғы бетінде алты мың гектар шабындық бар. Бірақ тұрғындар оның тең жарымына ғана шалғы түсіреді. Ал толықтай иегеру көпір қажет дейді бұқара. Ал шенеуніктер жұрттың талап-тілегі ескерусіз қалмайды деп сендіреді.

Ағыбай Әмірхан, Май ауданының әкімі:

- Понтон көпір міндетті түрде болады. Өткен жылы бұл жобаның сметасы әзірленіп қойған. Ақшасы бөлінді. Конкурс жарияланды. Мердігер анықталса, іске кіріседі. Ал жобаның жалпы құны 215 млн. теңге. 

Билік понтон өткелдің құрылысы келер жылы басталады деп уәде берді. Бірақ тұрғындардың бұған сенгісі жоқ. Себебі, жиі ауысатын аудан әкімі тағы кетіп қалып, бұл іс жайына қала ма деп күдіктенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде