{metadescription}
Аристократтар ойыны: Астанада пікірсайыс маусымы ашылды
Аристократтар ойыны: Астанада пікірсайыс маусымы ашылды

Аристократтар ойыны: Астанада пікірсайыс маусымы ашылды

Келісіп пішкен тон келте болмас. Астанада алғаш рет пікірсайыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Сөз жарыстырып, білімін көрсететін жиынға 300-ден аса белсенді пікір сайысшылар мен мектеп оқушылары, сондай-ақ Елбасы академиясының түлектері қатысты.

Алғаш рет білімділердің басын біріктірген маусымашар бас қалада өтті. Жиынға еліміздің үздік жоғары оқу орындарындағы дебат клубының мүшелері ортаға енді ғана қосылған мектеп оқушылары және студенттермен өз білгенімен бөлісті.

Жобаның мақсаты – жастарды жан-жақты білімді болуға үйретіп, ой-пікірін ортаға салып, қате көзқарасты әділ сынап жеңу. Яғни ақ-қараның аражігін ажырату дейді жиналғандар. Сондай-ақ дебат арқылы қоғамды өз сөзіңе нақты дәлел-дәйекпен сендіру керек екенін айтады.

Айым Айтманбет, "Орда" пікір-сайыс клубының мүшесі:

- Жалпы дебат әлемі ол негізінде тек зияткер ойыны емес. Дебат әлемі – екі адамның өзара нетворкинг құруы. Бір мәселені ақ жағынан, қара жағынан көре алуы. Мінекей, осындай тараптардың барлығы дебат беретін артықшылықтары. Негізінен біздің қоғамда қатып қалған стеоротип бар. «Ой, дебаторлар бір-біріне агрессор» деген. Бір-бірімен айқайласып сөйлеседі. Ол пікірлер шайқасы. Яғни пікірлер майданы. Аристократтар ойыны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.