{metadescription}
Бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды – Атырау облысы
Бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды – Атырау облысы

Бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды – Атырау облысы

Атырау облысындағы ауруханада бір күнде екі ана қайтыс болды. Екеуі де Мақат ауданының тұрғындары. Келіншектер емдеу мекемесіне денсаулығына шағымданып өздері келген.

Қос бірдей ана кеше көз жұмыпты. Мақұмдардың бірі – Атырау облысы ауруханасында, ал бірі – Мақат ауданындағы ауруханада қайтыс болған. 33 және 34 жастағы келіншектің екеуі де  үшінші сәбиін күтіп жүрген екен. Бір ана жүкліліктің 12-ші аптасында, ал екіншісі 32-ші аптасында көз жұмған. Осы қайғылы жағдайлардан кейін шұғыл баспасөз жиынын өткізген дәрігерлер әйелдердің  денсаулығында кінәрет болғанын айтып ақталуда.

Асхан Байдуалиев, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Қандай себеппен, қай вирустан қайтыс болғанын айтуға әлі ертерек. Біз вирусология анализдерін толық алдық. Патологоанатомға тапсырдық.  Мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде