{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Көрші мемлекеттер қырғиқабақ болмай, дос болғаны абзал
Қасым-Жомарт Тоқаев: Көрші мемлекеттер қырғиқабақ болмай, дос болғаны абзал

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көрші мемлекеттер қырғиқабақ болмай, дос болғаны абзал

Шекара мәселесі бейбіт жолмен шешілуі керек. ТМД елдері басшыларының кеңесінен кейін сәл үзіліс жасаған алты мемлекеттің басшысы "Орталық Азия - Ресей" саммиті аясында келіссөз үстеліне қайта жайғасты.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызтан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Ресей президенттері татулық пен тұрақтылық мәселесіне ерекше тоқталды. Өйткені Орталық Азиядағы кейбір мемлекет арасындағы шешілмеген шекара мәселесі тұтас аймақтағы ахуалды ушықтыруы мүмкін. Көрші мемлекеттер бұл ретте бір-бірімен қырғиқабақ болмай, дос болғаны абзал деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс.

«Әлемдегі ахуал күрделенген тұста бізге ынтымағамызды бекіту аса маңызды», - дейді мемлекет басшысы. Әсіресе әлеуметтік желідегі ақпарат легінен сақтанған жөн. Өйткені ғаламтордағы орынсыз айтылған сын мен келеңсіз пікірдің арты дау-дамайға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Тіпті жастар арасында өшпенділік пен ұлтараздық алауыздық туғызуы да ғажап емес. «Соның салдарынан бірлігімізді күшейту үшін еткен еңбегіміз зая кетуі мүмкін», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған жол берсек тату мемлекеттер арасына жік салуға тырысқандар үшін оңтайлы сәт болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде