{metadescription}
Алматыда жапсарлас салынып жатқан тұрғын үй кешені кедергі келтіруде
Алматыда жапсарлас салынып жатқан тұрғын үй кешені кедергі келтіруде

Алматыда жапсарлас салынып жатқан тұрғын үй кешені кедергі келтіруде

Жапсарлас салынып жатқан тұрғын үй кешені кедергі келтіруде. Алматыда 40-қа жуық отбасы осылай деп наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, жаңа нысанмен  баспаналарының арасы 20-ақ метр. Сондықтан құрылыс материалдары ауламызға құлап кетіп жатады дейді.

Одан қалса, бой көтерген 12 қабатты ғимараттың кесірінен үйге күн сәулесі түспей қалған. Ал, компания өкілі тұрғындардың пікірімен мүлде келіспейді. Атқамінерлер де құрылысшылардың барлық заң талаптарын ескерГенін айтуда.

Жеңіс Ысқақова осыдан 15 жыл бұрын Шұғыла шағынауданынан жер алып үйін тұрғызған. Таза ауа мен сұлу табиғатына бола келген әнші соңғы бір жылда тыныш таппай келеді. Өйткені былтыр дәл үйінің артынан 12 қабатты үйдің құрылысы басталған.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Керемет жерге келіп, жағдаймызға, денсаулығымызға жақсы болдыау деп, әп-әдемі 15 жыл өмір сүріп жатқан біздің тыныштығымызды бұзған Sensata құрылыс компаниясының биік үйлері. Жеке сектор мен мынандай биік үйлердің ара қашықтығы қалай болу керек? Мен соған жауап таппай жүрмін.  Жарық жиі сөнеді, су тамшылап тұр, жолы жоқ. Кешке дейін бұрқыраған шаң.

Дәл үйлерінің жанынан тұрғын үй кешенінің салынуына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақовамен қоса, бүтін бір көше үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Өйткені жаңа құрылыс басталғалы әрқайсысының мазалары қашқан. Құрылыс компанияның кесірінен біресе еңбекпен салынған баспаналарымыздың сүрілетінін естісек, біресе дәл жекеменшік жеріміздің астынан құбыр қазылмақшы дейді.

Әлішер Қасымов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Алматы қаласының бас жоспары бойынша мына төрт үй қазір сүрілейін деп отыр. Төрт үйдің біреуінде өзім тұрам. Үкімет бізге ешқандай хабарлама берген жоқ. Өзіміз аяқ астынан 23-ші үйдегі кісі ПДП өтініш беріп, артынан өзімізде бердік. Көріп отырмыз, тура үйіміздің үстінен жол түскелі отыр. Желтоқсан 2021жыл қалалық әкім Алматының бас жоспарын кабинетте отырып сыза салған сияқты. Бұны келіп көру керек қой, қай жерден өту керек, қызыл сызық дегенді. 

Бақытгүл Әуезбаева, Алматы тұрғыны:

- Бізге де рұқсатсыз келіп, менің жерімді қазып құбыр өткіземіз дейді. Екі жыл болды бізді түртпектей береді. Өз үйімді балабақша жасағанмын «Балапан» мемлекеттік бағдарламамен. Бірақ енді балаларды мазалайды. Топ бізге сес көрсетіп отыр.

Қазір жеті гектардан астам аумақты алып жатқан құрылыс алаңында жұмыс қызу жүріп жатыр. Жұмысшылар 2024 жылы 12 қабатты 26 үйді толық соғып бітіреді екен. Құрылысты тоқтатпаймыз деген компания өкілі «заңға қайшы келгеніміз жоқ» дейді.

Әділ Бекбанов, Құрылыс компаниясының өкілі:

- Біздің тұрғын үй кешені Sensata city,  құжаттары заңды, бас жоспармен салынып жатыр. Үйлер арасы бізде нормаға сәйкес. Ең жақын үй 50-55 метр қашықта тұр. Ол ешқандай қарама-қайшы заңға келмейді.

- Енді мына жұрт наразылығына қарайсыздар ма, көңіл бөлесіздер ме?

- Ескереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай, су себеміз, шаң дейді. Иә, оны да түсінеміз.

Атқамінерлер де құрылыс толық заңды әрі құжаттары түгел деп компанияға шаң жуытпады.

Медет Рабаев, Алматы қаласы Әуезов және Наурызбай ауданы қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы:

- Қазір құрылыс жұмысы барлық құжаттарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Жүргізіліп жатқан құрылысқа сәулет жоспарлау тапсырмасы эксиз жобасы келісуімен жобаның барлық мемлекеттік сараптамадан өтуіне байланысты жүргізіліп жатыр.

Бірақ, тұрғындар компания өкілінің де, шенділердің де сөзіне мүлде сенбейді. Құрылысты тоқтатуға бекінген жұрт қала әкімінен бастап, мемлекет басшысына дейін мәселені шешіп беруін сұрап ұжымдық хат жазған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.