Мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қызметкерді өзі таңдайтын болды
Келесі жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік қызметкерді өзі таңдай алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Автор: Бек Әбиев
14.10.2022
Ерекше күтімді қажет ететін адамдар арнаулы тауарлармен қатар қызмет көрсету ұйымдарын да таңдай алады. Шымкенттегі осы сала қызметкерлері және мүгедектермен кездескен министр бұған дейін мұндай мүмкіндік болмағанын айтты. 2023 жылы арбаға таңылғандарға жағымды жаңалық бар екен. Яғни осыған дейін мүгедектер арбасы ұзақ жылдарға берілсе, енді оны маусымына қарай ауыстыруға болады.
Ал аутист жандар жыл сайын сырқат екендігін дәлелдеу үшін құжат тапсырып сабылса, енді бұл талап алынып тасталады.
Ең бастысы, министр әр отбасына цифрлық карта жасалыну қажеттілігін атап өтті.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Әрбір қазақстандық отбасы өзіне мемлекет тарапынан қандай кепіл көмек беріледі, соны күнделікті әлеуметтік статусына қарап алып отыратын болады. Бұрынғыдай әр мемлекеттік органдарға жүгінбестен. Мүгедек азаматтарды да бір органнан екінші органға жүргізбестен цифрлы технологияны қолдану арқылы бір қағидатты тереземен емханаға барып, сол жерден одан кейін қажет ақпаратты сол емханадан алып отырады. Басқа бірдебір органға бармайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!